Украинаның Винница қаласында 23 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның Винница қаласында 23 адам қаза тапты

15.07.2022

Украина орталығындағы Винница қаласында зымыран соққысынан 23 адам қаза тапты. Арасында балалар бар.

Опат болғандар бұдан да көп болуы мүмкін. 40-тан астам адам жоғалғандар тізімінде. 100-ден астамы жараланған. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, үш зымыран кеңсе ғимаратына, офицерлер үйіне, тұрғын үйлерге және «Юбилейный» тұрмыс үйіне түскен.

Оқиға орнында өрт тұтанды. Украина әскерилерінің мәліметінше, «Калибр» қанатты зымырандарымен соққы жасалса керек. Президент Зеленский шабуылды «ашық түрдегі террористік әрекет» деп атады. Ал Ресей тарапы азаматтық нысандарға соққы бергенін үнемі жоққа шығарып келеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу