Шымкентте 10 жастағы бала субұрқаққа батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 10 жастағы бала субұрқаққа батып кетті

25.07.2023

Шымкентте 10 жастағы бала қалалық әкімдіктің алдындағы субұрқаққа батып кетіп, көз жұмды. Куәгерлердің сөзінше, баланың жанында ата-анасы болмаған. Ол өзге жеткіншектермен бірге фонтанға секірген.

Тереңдігі 1 метр 20 см болатын субұрқақтан бала су жұтып қойып шыға алмай қалған. Сот медициналық сараптамалар тағайындалды. Қалада қазір барлығы 31 субұрқақ бар, оның 25-і істеп тұр. 


Айнұр Әбілқасымқызы 


Хабарламаларға жазылу