ШҚО-да демалыс күндері үш ересек пен бір бала суға кетті
Демалыс күндері ШҚО-да суға шомылу кезінде 4 адам батып кетті, оның ішінде 7 жасар бала бар.
Зырянов ауданында Бұқтырма су қоймасында құтқарушылар суда жүзу кезінде батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесін су астынан алып шықты.
Глубоковский ауданында тағы да бір құтқарушылар тобы көлден 1983 жылғы қыздың мүрдесін шығарды.
Жарма ауданында Шар өзенінде өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушылары абайсыздан суға кеткен 40 жастағы ер адамды іздестірді. Біраз уақыттан кейін оның мәйіті табылды.
Ұлан ауданында Қызыл өзенінде қайғылы оқиға орын алды. Суда жүзіп жүрген кезде 2009 жылы туған бала батып кеті. Оның денесін ата-анасы алып шыққан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07