Шымкентте 6 жасар бала бассейнге батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 6 жасар бала бассейнге батып кетті

05.07.2022

Шымкентте 6 жасар бала бассейінге батып кетті.

Қайғылы оқиға Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ ауылында болған. Демалыс орнына ата-анасымен барған жеткіншек бір сәтке қараусыз қалған. Сол аралықта бала суға құлап кетіп, көз жұмды. Қазір осы жағдайға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Мамандар тұрғындарды су айдындарында балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу