Жамбыл облысында ауыз су сапасын жақсартуға бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды
Жамбыл облысында ауыз су сапасын жақсартуға бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды. Олар мемлекеттің 6,5 млн теңгесін қолды қылды деп айыпталған. Бас прокуратураның дерегінше, Қордай ауданы Сарыбастау ауылында тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы бөлімі мен «Қордай су» мекемесінің басшылары және кәсіпкер бірлесіп, 12 млннан астам қаржыға су мұнарасын салуы тиіс болған. Алайда нысан талапқа сай келмейді. Қордай аудандық сотының үкімімен бөлім басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер 3 жыл 6 айын темір торда өткізеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05