Бразилияда бал аралары қырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда бал аралары қырылып қалды

20.07.2023

Бразилияда өсімдіктерді зиянкестерден улау шараларын заңсыз қолдану салдарынан 100 миллионнан аса бал арасы қырылып қалған. Өлі жәндіктердің арасында, жойылу алдында тұрған аралардың түрлері де бар. Оқиға елдің Мату-Гросу штатында болды.

Ауыл шаруашылығын қорғау институтының зерттеуінше, өлі жәндіктерден фипронил анықталған. Бразилияда аталған пестициді, араларға қолдануға тыйым салынған. Бұл шектеуді ескермеген ферма қожайынына 47 мың доллар айыппұл салынды.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу