Қостанайда бал аралары қырылып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда бал аралары қырылып қалған

21.06.2023

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданынағы Миролюбов ауылында омарташылар бал араларының жаппай қырылып жатқанын айтып дабыл қағуда.

Өздерінің айтуынша, кейбіреуінің омарталары мүлде бос қалған. Тірілері әлсіз, бал жинауға қауқарсыз. Қазір нарықта бір омартаның құны 23-30 мың теңге аралығында. Араның күтіміне де едәуір қаржы жұмсалады. Омарташылар осы келеңсіздіктің кесірінен қыруар шығынға батқандарына шағымданды. Олар аралардың қырылуына егіс алқаптарын бізге ескертпестен улаған шаруашылық иелері кінәлі деп отыр. Бірақ Астана қаласында жасалған сараптама «қанатты жәндіктер удан өлмеген» деген қорытынды жасапты. Бұл қортындыға омарташылар күмәнмен қарайды.


Дәурен Әбдібек

Хабарламаларға жазылу