АҚШ-тың Монтана штатында бал аралары тиелген жүк көлігі аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Монтана штатында бал аралары тиелген жүк көлігі аударылды

11.06.2019

Соның салдарынан құжынаған ара үйірі жан-жаққа ұшып, тұрғындарға қауіп төндірді.

Оқиға Бозман қаласында болған. Машина көшеден бұрылмақ болып, жол шетіндегі жыраға құлап кетті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жүргізуші зардап шеккен жоқ. Жәндіктерді ұясына қайтару үшін омарташы шақырылып, оқиға бақылауға алынды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу