Қарағанды облысында орман өртін сөндіру жалғасып жатыр
Қарағанды облысында Шет ауданының Талды ауылдық округіне қарасты тау жотасы мен «Ақтоғай орман қорғау шаруашылығы» аумағында болып жатқан өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Отқа оранған алқаптар 150 гектарды құрайды. Соның 130 гектардайы сөндірілді. Желдің күштілігінен қураған ағаш пен шөп тез жанып, айналаға тарап барады. Сондай-ақ таулы-орманды жерге су көзінің алыс болуы қиындық туғызған. Осыған байланысты тікұшақ тартылып, әуеден су төгілуде. Бұған қоса, төтенше жағдай қызметі мен жергілікті атқарушы органнан, орман шаруашылығынан 133 адам, 20 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.
Жанна Дәуренбекова, облыстық тжд баспасөз хатшысы:
Өрт сөндіру қураған ағаштың көптігімен, күрделі таулы жермен, құбылмалы желмен, су көздерінің алыстығымен қиындады. Бұл қиындықтарға қарамастан өрттің жиектері сөндіріліді. Ашық жанулар жоқ. Шағын аумақтарда бықсу орын алуда, тартылған күштермен жартастар арасындағы жанып жатқан қалың құрғақ шөптер сөндірілуде.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
11.02.2026, 21:34
Қыс әлегі: Жамбыл облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
11.02.2026, 20:18
Әлем жаңалықтарына шолу
11.02.2026, 20:17
Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
11.02.2026, 20:16
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына 36,8 млрд теңге бөлінді
11.02.2026, 20:15
Қысқы Олимпиада ойындарының 5-күні
11.02.2026, 20:12
Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін
11.02.2026, 20:12
Әскерден келгендер университетте тегін білім алып жүр
11.02.2026, 20:11