Балқаш ауданындағы өрттен елдімекендерге қауіп жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш ауданындағы өрттен елдімекендерге қауіп жоқ

24.04.2024

Балқаш ауданында кешелі бері жанып жатқан қамыс пен шөп өртін сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Кеше түсте басталған қызыл жалын 8-10 гектарға тараған. Оны сөндіруге өрт сөндірушілер мен орманшылар, 10-нан астам техника жұмылдырылды. «Қазавиақұтқару» тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет, 195 тонна су төгілді. Мамандар өрт ошағына жақын маңда орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтып отыр.

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу