Қарағанды облысында 1500 гектар алқап отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 1500 гектар алқап отқа оранды

22.06.2022

Қарағанды облысында 1500 гектардай алқап отқа оранды.

Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңындағы жайылымды шарпыған тілсіз жаумен құтқарушылар бір тәулік бойы арпалысқан. Таулы аймақта техника қозғалысының қиындығы, жақын маңда су көзінің болмауы өршіген отты сөндіру кезінде қиындық тудырған. Қазір өрт толығымен өшірілді. Аумақта кезекшілік жүргізіліп отыр. Ал бүгін Егіндібұлақ маңындағы Қу орман шаруашылығына тиесілі аумақта өрт шыққан. Жалын шарпыған жердің жалпы аумағы 40 гектардай. Тілсіз жау орман ішіне кірмеген. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.


Хабарламаларға жазылу