Қарағанды облысында дала өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда

23.06.2022

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Бұқар жырау ауданындағы Белағаш орман шаруашылығындағы өрт кеше түнде толығымен өшірілді. Жалын шарпыған жердің жалпы аумағы 100 гектардан астам. Ал Қарқаралы ауданында екі табиғи өрт ошағын сөндіру жалғасуда. Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде 400 гектер жер жанды. Негізгі өрт сөндірілген, алайда желдің салдарынан әлі де бұталар мен шөптер бықсуда. Ал екінші өрттің аумағы 500 гектарды құрайды. Ол кеше пайда болған. Тілсіз жауды сөндіруге төтенше жағдай, полиция қызметкерлері, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығының, ұлттық табиғи парктің мамандары жұмылдырылған. Жанып жатқан аумақ таулы, шоқылы болғандықтан техника қозғалысы қиындаған. Соған байланысты тікұшақ көмегімен су төгу жалғасуда.

Ақылбек Ахметжанов, ТЖД басшысының міндетін атқарушы:

Өрт жою жұмыстары түтінмен, күшті және ауыспалы желмен, таулы аймақпен күрделенген. Жану ашық күйде орын алып жатқан жоқ. Бұталар мен шөптер бықсып жануда.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу