Оралда тұрғындар жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда тұрғындар жарықсыз қалды

17.07.2023

Оралда екі күн қатарынан күшті жел тұрып, нөсер жауып, 5 мыңдай абонент жарықсыз қалды. Электр желілеріндегі апатты жойып, қалпына келтіру үшін 10 бригада жұмыс істеп жатыр. Жарық болмаған соң ауызсу да уақытылы берілмей жатыр.

Толассыз жаңбыр салдарынан көп қабатты тұрғын үйлер мен облыстық балалар ауруханасы, есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатының жертөлелеріне су толды. Жеке тұрғын үйлердің ауласына су кірген. Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, арнайы мамандар жұмысқа кірісті. Қала көшелерін су басып, көлік қозғалысына қолайсыздық тудырды.


Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу