Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауыл тұрғындары алдын ала эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауыл тұрғындары алдын ала эвакуацияланды

08.04.2024

Тасқын салдарынан Солтүстік Қазақстан облысында үш ауылдың тұрғындары жарықсыз қалды. Өңірдегі әріптесім Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста. Эльмира, қайырлы күн! Электр бағандары қалыпқа келтірілді ме?

Шал ақын ауданындағы Жаңаталап, Кеңес және Жаңажол ауылдары әлі де жарықсыз отыр. Оған себеп, электр бағандарының құлауы. Аталған елдімекендер Есіл өзеніне жақын орналасқан. Өзен суы арнасынан асып, бірнеше ауылдарға жақындап қалғандықтан, тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Қазір мамандар құлаған бағандарды қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сергеев қоймасында судың деңгейі кеше бұрын-соңды болмаған межеге жетті. Ал бүгін бөгет үстінен ағып жатқан судың биіктігі 4 метрден асты, дейді Қазгидромет мамандары.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу