Оралда тұрғындар үшінші күн жарықсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда тұрғындар үшінші күн жарықсыз отыр

24.11.2023

Оралда боран салдарынан Деркөл кентінің тұрғындары үшінші күн жарықсыз отыр. Кенттегі бірнеше көше мен Үміткер, Ягодка саяжайларының 94 абонентіне электр қуаты әлі қосылған жоқ. Жарық болмағасын, жылу да айырылған. Тоңып-шашыраған тұрғындар кент әкімдігіне барып, үзілген желіні қосуды талап етті. Жарық берілгенше, кейбір үйлер уақытша басқа фазаға қосылған. Қазір апатты жою үшін Деркөл кентінде екі бригада жұмыс істеп жатыр.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу