Шымкентте трансформатор өртеніп, тұрғындар жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте трансформатор өртеніп, тұрғындар жарықсыз қалды

29.06.2022

Шымкентте трансформатор өртеніп, 400-ден астам абонент электр жарығынсыз қалды. Алапат өрт 50 шаршы метр аумақты шарпып, Шоқан Уәлиханов көшесіндегі РП-11 трансформаторы тұтастай жанып кетті.

Апаттан зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің 12 құтқарушысы мен 3 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.


Хабарламаларға жазылу