Оралда жауған қардан 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жауған қардан 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды

01.11.2022

Оралда алғашқы қар түсті. Ақ ұлпаның көп жауғаны сонша, электр желілерін зақымдап, 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды. Жолда көлік қозғалысы да қиындады. Ұйытқыған жел мен толассыз жауған қар, жарық тарату желісіне әсер етіп, апатты жағдай тіркелген. Шаһарда диспетчерлік қызметтің 10 бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ал коммуналдық қызмет жолдарды қардан тазалап үлгерер емес. Қала әкімдігінің хабарлауынша, 300-ге жуық адам мен 182 техника осы жұмысқа тартылған.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу