Риддер жылу электр орталығының бұрынғы басшылары тергеуге алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддер жылу электр орталығының бұрынғы басшылары тергеуге алынды

14.07.2023

Риддердегі жылу электр орталығының бұрынғы басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қаржы мониторингі агенттігі ақпаратты растап отыр. Кәсіпорында қызмет еткен лауазымды тұлғалар нысанды күтіп ұстауға әрі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген. Агенттік лауазымды тұлғалардың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растағанымен, тергеуге алынғандардың аты-жөнін айтпады. Келтірілген шығынның көлемі жайлы ақпаратта әзірге белгісіз.

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер жылу орталығында апат былтыр қарашада орын алған еді. Аталған орталықты жөндеуге бүгінде сегіз мердігер ұйым жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 8,3 млрд теңгені құрайды. Мұны аймақта жүрген Энергетика министрі жергілікті тұрғындармен кездесуде айтты.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу