Саясат Нұрбек: Биыл 88 мың грант бөлінді
Бүгін елімізде жоғары оқу орындарында білім беру гранттарының конкурсына өтініш қабылдау басталды. Науқан 20 шілдеге дейін жүреді. Ғылым және жоғары білім министрі астанадағы білім ошақтарының бірінде болып, қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты. Талапкерлер құжаттарын жоғары оқу орындарына келіп, офлайн тапсыруларына болады. Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығының веб-сайты, еGov электрондық үкіметі, оқу орынның виртуалды қабылдау комиссисы арқылы да құжаттар қабылданады. Науқанға ең білікті мамандар тартылған. Сонымен қатар білім ошақтарында түрлі кеңес беретін колл-орталықтар да жұмыс істейді.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Биыл 88 мың грант бөлінді мемлекеттік тапсырыс аясында. Олардың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген. Жыл сайын біз 5 мың грантқа ұлғайтып отырмыз. Арнайы батыс екі аймаққа, бұл Президенттің тапсырмасы, Атырау және Маңғыстау өңіріне арнайы 5 мың грант беріліп отыр.
Хасан Ерланов, талапкер:
Құжаттарды қабылдау тез болды. 15 минутта бәрін түсіндіріп, бүкіл құжаттарымызды алып, сұрақтарымызға жауап беріп, өтінішімізді қалдырып кеттік.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17
«Қайнар – АКБ» аккумулятор зауытына 50 жыл
21.09.2026, 17:15
Рудный қаласының батыс айналма жолы толық жөнделді
21.09.2026, 17:12
Ақмола облысында жаңа көпірдің құрылысы аяқталды
21.09.2026, 17:10
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы жаңартылды
21.09.2026, 17:07