Аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтеледі. Тариф бағасы өсетін болғандықтан халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына осындай жеңілдік қарастырылады. Мұндай тетік мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету аясында көзделген. Шығындарды өтеу үшін тоқсан сайын төленеді. Басты шарт – төлем алушының меншігінде Қазақстан аумағында бір ғана баспана болуы керек немесе ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жеке меншік тұрғын үй қорынан, жергілікті атқарушы орган жалдаған баспананы жалға алушы болуы тиіс. Жалпы соңғы 4 жылда 174 мыңнан астам абонентке тұрғын үй көмегі үшін жалпы сомасы 5 млрд теңге төленді. Ал осы жылдың 6 айында 31 мың отбасына 630 млн теңгеге көмек көрсетілді. Осылайша коммуналдық қызметтер тарифтері көтерілген жағдайда өтемақы да ұлғаяды, яғни аз қамтылған азаматтардың шығындары ұлғаймайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азаматтарға тұрғылықты жері бойынша әкімдікке жүгіну қажет.
Асима Нұрбайқызы