Украина НАТО-ға қосыла алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина НАТО-ға қосыла алады

12.07.2023

Украина НАТО-ға қосыла алады, алайда оның нақты мерзімі белгісіз. Бұл туралы Литва астанасы Вильнюсте өтіп жатқан саммитте айтылды. Әскери одаққа мүше елдер соғыс аяқталмайынша, Киевті қабылдау мүмкін емес деді. Дегенмен бұл процесті жеңілдетуге келісті. Оған сай Украина НАТО-ға кіру үшін «Мүшелікке қатысты іс-әрекет жоспарын» жүзеге асыруға міндетті емес. Әдетте бұл процедураның өзіне 5 жыл кетеді. Сонымен бірге әскери альянс коммюникесінде "«АТО текетіреске ұмтылмайды және Ресейге қауіп төндірмейді» делінген.

НАТО тағы бір мүшемен толығып, оның құрамындағы елдер саны 32-ге жетті. Саммит басталмастан бір күн бұрын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған күтпеген жерден Швецияның қосылуын қолдады. Оның алдында түрік лидері бұған үзілді-кесілді қарсы болған еді.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу