Түрік парламенті Финляндияның НАТО-ға кіруіне рұқсат беретін құжатты мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік парламенті Финляндияның НАТО-ға кіруіне рұқсат беретін құжатты мақұлдады

31.03.2023

Түрік парламенті Финляндияның НАТО-ға кіруіне рұқсат беретін құжатты мақұлдады. Бұл ел аталған заңды ең соңғы болып ратификациялады. Түркия бұған қатысты құжатқа келісім берген 30-шы мемлекет. Айта кетейік, Финляндия мен Швеция Солтүстік атлантикалық альянсқа қабылдану бойынша өтінішті былтыр жазған. Бұл – олардың Ресей-Украина қарулы қақтығысына берген жауабы еді. Соңғы мәліметке қарағанда, Финляндия туралы жобаны түрік парламентарийлерінің 270-тен астамы қолдаған.

Хайдар Акар, Түркия Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Финляндияның НАТО-ға қосылуын ратификациялау хаттамасын бекітуге қатысты парламент депутаты Мұстафа Cентоп ұсынған заң жобасына ашық дауыс берудің нәтижелері мынадай: қолдағандар - 276 адам. Түркия парламенті Финляндия мемлекеті мен халқын құттықтайды. Заң жобасы мақұлданды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу