Финляндия мен Швеция НАТО-ға жуық арада кіре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндия мен Швеция НАТО-ға жуық арада кіре алады

29.04.2022

Финляндия мен Швеция НАТО-ға жуық арада кіре алады. Мұны осы әскери альянстың бас хатшысы мәлімдеді. «Егер олар өтініш беру туралы шешім қабылдаса, біз бұған қошемет білдіріп, процесті жеделдетуге әзірміз», - дейді Солтүстікатлантикалық одақтың жетекшісі. Ресей болса, Финляндия мен Швеция НАТО-ға өтетін болса, Балтық теңізі жағалауындағы Калининград анклавына ядролық қару мен гипердыбысты зымырандарын орнататынын ескертіп отыр. Столтенбергтің пікірінше, Мәскеудің мұндай мәлімдемелері оның өзге елдердің негізгі құқықтарын құрметтей алмайтынын білдіреді.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу