Қиырдағы қазақтар ұлттық өнерді ұлықтап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қиырдағы қазақтар ұлттық өнерді ұлықтап жүр

11.07.2023

Ресейдің Астрахан қаласында ақсақалдар кеңесі құрылды. Басты мақсат – ұлттық дәстүрді, ата-баба салтын өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, ұлттық өнерді ұлықтау.

«Ұлттық өнерді ұлықтау-парыз»,-дейді астрахандықтар. Дәстүрімізден айнымай басты құндылықтарымызды жылдар бойына дамытып келе жатқан жергілікті қазақтар рухани мәдениетімізді ұмытпай келеді.

Алайда атадан балаға дарыған шеберлік дәстүр өкінішке қарай, бұл өңірде ұмыт бола бастаған. Үйренем деушілер жоқтың қасы. Сондықтан домбыра үйірмелерінің санын арттыру көзделуде.

Данияр Имашев, «Астрахан қазақтары» ұйымының басшысы:

Қазақтың тарихын, тілін, дәстүрін ұмытас үшін түрлі жобаларды қолға алдық. Бұл жастар үшін өте маңызды деп ойлаймын. Білімді, интеллектуалды жастарға арналған арнайы бағдарламамыз да бар. Жастарымыз өз ана тілін құрметтеп, еркін сөйлесе екен дейміз. Сондай-ақ ұлттық өнерге де ерекше мән беріп отырмыз.

Астрахань облысында бірнеше домбыра ұжымы бар. Ол – «Шалқыма» қазақ халық аспаптар ансамблі, «Сарыарқа» этно-фольклорлық тобы. Ал «Атамекен» домбырашылар ұжымы биыл 45 жылдық мерейтойын атап өтті. Жергілікті өнерпаздар ұлттық өнерді ұлықтау үшін Ресей аумағында да өнер көрсетпек.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу