Ақмола облысында аурухана қызметкерлері қаржы жымқырған
Ақмола облысында аурухана қаржысын жымқырған кадр бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды. Ол бас дәрігермен бірге екі жыл қатарынан жұқпалы аурулар стационарында мүлдем жұмыс істемейтін 7 адамды «еңбек етіп жүр» деп көрсетіп, жалақыларын өздері алып отырған. Осылайша қылмыстық әрекетін іске асырғандар мемлекетке 13 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Меруерт Байболова, облыстық Прокуратураның басқарма прокуроры:
Тексеріс барысында Егіндікөл аудандық ауруханасында жұмыс істеген кадр бөлімінің басшысы мен бас дәрігер жалған құжаттар жасап, бірнеше жыл бойы бюджет қаржысын жымқырып келгені анықталды. Қазіргі уақытта бас дәрігердің ісі қаралып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО тұрғындары өзен жағасын қоқыстан тазартты
13.08.2026, 17:06
Қазақстан–Қытай мәдени байланысы беки түспек
13.08.2026, 17:05
ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
13.08.2026, 17:04
Елордадан Бурабайға есірткіге қарсы арнайы пойыз қатынай бастады
13.08.2026, 17:00
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 16:57
Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
13.08.2026, 16:56
Испанияда 37 000 гектар орман алқабы өртеніп кетті
13.08.2026, 16:56
Этна вулканының атқылауына байланысты Сицилия мен Мальтада әуе рейстері тоқтатылды
13.08.2026, 16:54