Абай облысындағы өрт ісі бойынша «Семей-Орманы» резерваты басшылары күдікті ретінде танылды
Абай облысындағы өрт ісі бойынша «Семей-Орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылары күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Олар қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша яғни, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша айыпталып отыр. Күдіктілерге қатысты жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр. Ал өрттің нақты себебін анықтау бойынша жұмыстар жалғасады. Олардың арасында қасақана өрт қою, ақаулы техниканы пайдалану, найзағай разряды және басқа да ықтимал себептер қарастырылып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО тұрғындары өзен жағасын қоқыстан тазартты
13.08.2026, 17:06
Қазақстан–Қытай мәдени байланысы беки түспек
13.08.2026, 17:05
ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
13.08.2026, 17:04
Елордадан Бурабайға есірткіге қарсы арнайы пойыз қатынай бастады
13.08.2026, 17:00
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 16:57
Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
13.08.2026, 16:56
Испанияда 37 000 гектар орман алқабы өртеніп кетті
13.08.2026, 16:56
Этна вулканының атқылауына байланысты Сицилия мен Мальтада әуе рейстері тоқтатылды
13.08.2026, 16:54