Чили мен Аргентина шекарасында мыңдаған жүк көлігі тұрып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чили мен Аргентина шекарасында мыңдаған жүк көлігі тұрып қалды

30.06.2023

Чили мен Аргентина шекарасында мыңдаған жүк көлігі тұрып қалды. Бұған үздіксіз жауған нөсер жауын мен қарлы боран себепші. Табиғи апаттан екі елді жалғайтын жолдар бұзылған. Соның салдарынан екі мыңдай жүк көлігі бірнеше күннен бері тоқтап тұр. Ал шекара тек бір аптадан кейін ашылуы мүмкін.

Айта кетейік, Чилиде жақында болған алапат тасқын ауылдарды шайып, үйлер мен жолдарды қиратып, орасан шығын әкелді.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу