Перудегі қақтығыс: Боливиямен шекарада жүздеген жүк көлігі өте алмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перудегі қақтығыс: Боливиямен шекарада жүздеген жүк көлігі өте алмай тұр

27.01.2023

Перу мен Боливия шекарасында жүздеген жүк көлігі жиналып қалды.

Перуде екі айдай бұрын басталған шерулер әлі де тыйылмай отыр. Наразы топтар жолдарды жауып тастағандықтан, осындай жағдай болды.

Жүк көліктері бұл жерге бірнеше елден барған. Жүргізушілер бір аптадан астам уақыт бойы шекарадан өте алмай жатқанын айтып шағымданды. Перуде шерулер желтоқсанның басынан бері тоқтаусыз өпіт келеді. Наразы топтың басты талабы – президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізіп, конституцияға өзгеріс енгізу және Конгресті тарату.


Арай Төлегенқызы 

Хабарламаларға жазылу