Жамбыл облысында 36 тонналық катер тиелген жүк көлігі жолда тұрып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 36 тонналық катер тиелген жүк көлігі жолда тұрып қалды

10.12.2021

36 тонналық катер тиелген жүк көлігі жолда тұрып қалды. Жамбыл облысының Меркі ауданында теңіз кемесі бар ірі габаритті көлік ары-бері қозғала алмай, бұрылуға да мүмкіндік таппай, соңында патрульдік полицияның көмегіне жүгінген.

Алып жүк көлігі жолдағы қозғалысы көп аумақта тұрып қалса, апатты жағдайға соқтыруы мүмкін еді. Полиция патрулінің шығарып салуымен көлік иесі діттеген жеріне жетті.


Жамбыл

Хабарламаларға жазылу