Перуде су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті

22.03.2017

Бұдан өзге 20 кісі із-түзсіз жоғалып, 700 мың тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Табиғи апаттан елде 135 мың ғимарат бұзылып қалды.

Лиманың кейбір аудандарында ауызсу тоқтаған. Осыған байланысты Аргентина, Колумбия, Чили сынды мемлекеттер Перуге гуманитарлық көмек жіберіп жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу