«Астана арландарының» қарсыласы - «Russian Boxing Team» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландарының» қарсыласы - «Russian Boxing Team»

31.01.2014
«Астана арландарының» қарсыласы - «Russian Boxing Team»
 
Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Астана арландары» жігіттерінің ендігі қарсыласы - Ресей командасы. Екі команданың  еншісінде әзірге 13 ұпайдан. Бүгін Алматыда қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтіп, кездесуге шығатын боксшылардың есімдері анықталды.
 
«Астана арландары» сапында 49 келі салмақтағы Алмат Исақұловты Мардан Берікбаев алмастырды. Оның қарсыласы - Белик Галанов. 56 келіде Мейірболат Тоитов пен Эдуард Абзалимовтың орнына шаршы алаңға Мәди Шолақов пен Никита Федорченко шығатын болды.
 
Қалған салмақтарда алдын ала белгілі болғандай, ел намысын Асхат Уәлиханов, Сергей Деревянченко, Василий Левит қорғаса, олардың қарсыластары Максим Дадашев, Петр Хомуков және Алексей Егоров болмақ.
 
Жекпе-жектердің көрсетілімі ертең «KAZsport» телеарнасында сағат 19.50-де  басталады.

 

Хабарламаларға жазылу