«Наурыз.kz» комедиясының шығатын уақыты белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз.kz» комедиясының шығатын уақыты белгілі болды

02.12.2016
«Наурыз.kz» комедиясының шығатын уақыты белгілі болды

Барлық кинотеатрларда 2017 жылдың 16 наурызынан бастап   Асқар Бисембиннің «Наурыз.kz» фильмі шығады, деп хабарлайды Kazpravda.kz сайты.

Режиссердің бұл туындысында Наурыз мейрамы қарсаңында болатын 5 қызықты новелла баяндалады.

«15 адамнан құралған басты кейіпкерлер ғажайып  көріністерге куә болады. Фильмде басты рөлдерді Берік Айтжанов, Жанар Дұғалова, Марат Омаров, Шәріп Серік, Жеңіс Омаров, Талғат Кенжебұлатов, Саят Мерекенов және т.б адамдар ойнайды» - дейді кинокартинаны жасаушылар.

Айта кетейік, «Наурыз.kz» фильмінің сценариін Асқар Бисембин және Николай Пак пен Василий Земзюлин бір жыл көлемінде жазған.  Продюсеры – Алмас Сұлтанғазин, Олег Головашкин. Композиторы – Әлім Заиров.

Түсірілім жұмыстары осы жылдың тамыз айында басталып, қыркүйекте аяқталған. Сонымен қатар, режиссер туындының жалғасы көп кешікпей шығатынын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу