Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

17.04.2019

Отандасымыз Геннадий Головкин 9 маусым күні кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы жеңіліс дәмін сезбеген канадалық боксшы - Стив Роллс. Бұл жаңалықты Геннадий өзінің «Твиттер» парақшасында таратты.

Жерлесіміз әдеттеігідей «драмаға толы үлкен шоу жасайтынын әрі осы жекпе-жекте жеңу үшін барын салатынын жазған». Кездесу Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» алаңында өтеді. Боксшылар 164 фунт аралық салмағында кездеседі. Билеттер 27 сәуірден бастап сатылымға түседі.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу