Қостанай облысы шаруаларға субсидия төлеуде көш соңында жүр
Қостанай облысы шаруаларға субсидия төлеуде көш соңында жүр. Биыл аймаққа бөлінген 40,5 млрд теңге субсидияның осы уақытқа дейін тек 13,2 млрд теңгесі ғана берілген. Бұл 30 пайыздан сәл асады. Ауылшаруашылығы басқармасындағылар «субсидия алуға өтініштер көктемде көп түсетіндіктен бәрін уақытында қарап үлгермейміз» дейді. Мысалы жыл басынан бері 12 мың өтініш берілсе, осы уақытқа дейін соның тек 5 мыңға жуығы ғана бекітілген. Осы мәселеге байланысты өңірге жуырда министрлік өкілдерінің арнайы жұмыс тобы да келіп кетті. Олар түйткілді шешу үшін басқармадан қосымша штат ашуды ұсынды.
Меңдіғали Саимов, шаруа:
Біз жаңа трактор алдық, басқа да а-ш инвентарларын алдық. Соған субсидия ала алмай отырмыз. 30 млн теңге беруі керек еді. Оны алсақ қосалқы бөлшек сатып алар едік. Ал алған несиеміз жанар-жағармай мен жалақыдан артылмайды.
Нұрсұлтан Қабделов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
Ауылшаруашылығы басқармасына 1 айдың көлемінде төрт маманды жұмысқа алып, ол мамандар қарастыру бойынша ең қиын бағдарламалармен жұмыс істейтін болады. Ол инвестициялық және пистицидтерді субсидиялау бағдарламасы.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22
Қызылордада көпбейінді аурухана жыл соңында ашылады
08.09.2026, 17:20
Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 17:17