«Өзенмұнайгаз» компаниясында заңбұзушылық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өзенмұнайгаз» компаниясында заңбұзушылық анықталды

23.06.2023

«Өзенмұнайгаз» компаниясында жалған жұмысқа орналастыру, құжаттарды қолдан жасау, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты заңбұзушылық анықталды.

Бұл туралы арнайы жұмыс тобы мәлімдеді. Олар аталған компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін, өндірістік құрылымдық бөлімшелерін және еншілес мекемелердің жұмысын тексерген. Қызметкерлермен кездескен. Нәтижесінде 118 заңбұзушылық анықталды. Оның жетеуі шара қабылдау үшін, құқыққорғау органдарына берілген. Ал 101 дерек бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылады. Ал жалған жұмысқа орналастыру дерегі бойынша компанияға 47 млн теңге шығын келтірілген. Соған қатысты қылмыстық іс қозғалып, басшы лауазымды тұлғалар тергелуде.

Бақдәулет Төлеген, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің Бас маманы:

11 адам «Өзенинвест» МКК-ның тізіміне енгізілмеген. Бірақ жұмысқа қабылданған. Сонымен қатар, 113 адам әр түрлі заңбұзушылықтар арқылы жұмысқа орналасқандығы анықталып отыр. 50 қызметкер сәйкес емес мамандықтарға яғни лауазымға ауыстырылған.


Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу