Маңғыстау облысында мұнай компаниялары басшыларының үстінен іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында мұнай компаниялары басшыларының үстінен іс қозғалды

22.04.2023

Осы Маңғыстау облысында мұнай компаниялары басшыларының үстінен іс қозғалды. Қаржылық мониторинг агенттігі «ӨзенМұнайГаз» және «Бералы Маңғыстау Company»-ға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Қос компанияның жетекшілері аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Тергеу кезінде «ӨзенМұнайГаз» сорғы-компрессорлық құбырларды орнату фактілерінің жалған екені анықталды. Сонымен қатар, екі басшы өткен жылы мұнай ұңғымаларын жөндеуге кеткен қаражатты ұрлады деген күдік бар. «Бералы Маңғыстау Company» серіктестігінің басшысы өзінің жақын туыстарымен 248 млн теңгеге арнайы техниканы жалға алуға шарт жасасқан. Бірақ іс жүзінде ақшаны өздері жымқырған болуы мүмкін.

Азамат Бейбітұлы  


Хабарламаларға жазылу