Қостанай облысында 500 млн теңге субсидия қаржысын жымқырған қылмыстық топ ұсталды
Қостанай облысында 500 млн теңге субсидия қаржысын жымқырған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Олар өңдеуші кәсіпорынға шаруа қожалықтарынан тонналап ет тапсырылғаны жайлы жалған құжат жасаған. Яғни іс жүзінде жоқ өнім қағазда ғана көрсетілген. Ал жалған құжат бойынша мемлекеттен төленген субсидия қаржысын сыбайластар өзара бөлісіп отырыпты. Бұл әрекет бір жыл бойы жалғасқан. Ұйымдастырушы мен оның екі сыбайласы сот санкциясымен екі ай қамауға алынды. Осы іске қатысты барлығы оншақты адам күдікке ілініп отыр.
Жандос Кенжебаев, Экономикалық қылмыстарды тергеу департаментінің басқарма басшысы:
Қылмыстық топты зауыт басшысы басқарған. Оның қарамағындағы зауыт қызметкерлері де бар. Тек Қостанай облысы ғана емес, Қазақстанның бірнеше облысының шаруа қожалықтары басшылары қатысқан. Сонымен қатар ішінде мемлекеттік қызметкерлер де бар.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
26.04.2026, 23:27
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05