Бағаны мемлекеттік реттеу жүйесі алынып тасталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағаны мемлекеттік реттеу жүйесі алынып тасталады

22.06.2023

Бағаны мемлекеттік реттеу жүйесі алынып тасталады. Яғни, мемлекет тауар қозғалысын бақылап, бағаны қалыптастыруға араласпайды. Бұл туралы Қостанайда жергілікті тұрғындарымен кездесуінде Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Арман Шаққалиев айтты.

«Толық нарықтық жүйеге көшу кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезекте азық-түлікпен тұрақтандыру қорын жасақтау тәртібі өзгереді. Енді әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың тоғызы отандық өндірушілерден тікелей сатып алынады. Бұл мақсатта үкімет 100 миллиард теңге бөлінді. Осы арқылы біз бағаны құбылтатын сансыз делдалдар тізбегінен құтыламыз», –дейді Арман Шаққалиев. Одан кейін субсидия алатындар өз өнімдерін ішкі нарықта өткізуге міндетті болады.

Арман Шаққалиев , ҚР Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары:

Мысалы Қостанайлық өндірушілер субсидия алады, олар өздерінің шығарғарған өнімін осы регионалды нарықта сататын болады. Оны  бізде қазір «Қазақтелеком» арқылы инфроқұрылым система дайындадық. Сол арқылы қарайтын боламыз.


Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу