Қызылорда облысында екі адамнан Конго-Қырым безгегі анықталды
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында кене шаққан тұрғын Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққан. Бұл маусым айы басталғалы анықталған екінші жағдай.
Үйінде мал жайғап жүріп зиянкестен зардап шеккен қармақшылық азамат қазір ауруханада. Мамандардың айтуынша, жағдайы әлі ауыр. Дегенмен науқас ауруын асқындырмай дәрігерге қаралған. Ал Сырдария ауданында Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған 61 жастағы әйел де тиісті ем-домын алып, бүгінде үйіне шығарылған.
Жалпы жыл басынан бері облыста 462 адам кене шағу дерегімен медициналық көмекке жүгінген.
Әлия Әбдіқайымова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Биылғы есепті жылы бізде Конго-Қырым гемморагиялық 16 жағдайы тіркелді. Бірақ соның ішінде зертханалық жолмен нақтыланған 2 жағдай болып отыр. Осы аурудың тіркелетін ең көп айлары осы маусым, шілде айларында өте жоғары деңгейде болады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16