Шертпе күйдің шебері – Тәттімбет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шертпе күйдің шебері – Тәттімбет

10.07.2015
Шертпе күйдің шебері – Тәттімбет

Шертпе күйді орындау мектебінің негізін салушылардың бірі Тәттімбет Қазанғапұлының күйлері лирикалық тереңдігімен, сезімнің дарқандығымен ерекшеленеді. Оның шығармаларының музыкалық тілі орындау мәнерінің күрделілігіне, өзіндік баяндауға негізделген әрі жеңіл қабылданады.

Тәттімбет күйлерінің тақырыбы әрқилы. Оның «Қосбасар», «Саржайлау», «Сары өзен», «Терісқақпай», «Былқылдақ», «Боз айғыр», «Балбырауын», «Қара жорға», «Сылқылдақ», «Көкейкесті» және т.б. шығармалары осыған дәлел.

Күйшінің көптеген күйі камералық-аспаптық, симфониялық, опералық шығармаларда қолданылды. Мысалы: Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында «Былқылдақ», «Қосбасар», «Жамбыл» фильмінде «Саржайлау» күйі пайдаланылды. М.Сағатов эстрадалық оркестрдің сүйемелдеуімен «Сылқылдақ» күйінің негізінде үрмелі аспапқа арналған пьеса жазды.

Тәттімбет күйлерінің  тарихы, орындалу мәнері туралы толығырақ бүгін 18:10-да «Ғасырлар үні» хабарынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу