Ән атасы – Әміре - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ән атасы – Әміре

14.01.2014
Ән атасы – Әміре

Өлең атасы-Абай, күй атасы-Құрманғазы, ал ән атасы-Әміре. Расында асқақ үнімен аспанды тербеткен әнші Әміре әнге табынбады, керісінше өзіне табындыртты.

 
Әннің әр нақышын ұғатын оның дауысы - көмейінен емес, жүрегінен шығатын. Қазақтың маңдайына ілуде-біреу боп бітетін тау тұлғаның өнерін жалғастырар ізбасарлары бар бүгінде, бірақ бірді-екілі. Бұрын әнші Әміре Қашаубайұлы туралы көп еститінбіз.
 
Соңғы жылдары дәстүрлі әнге деген сүйіспеншілік азайды ма, әйтеуір Әміре есімі көп айтыла бермеді. Олқылық орнын толтырмақ мақсатында бүгін Астанада әнші шығармашылығына арналған кеш өтті.
 
Әміренің «Балқадиша», «Дудар-ай», «Ағашаяқ», «Бесқарагер» сынды әндер шырқалды. Сөз орайы келгенде айта кетейік, биыл тау тұлғаның туғанына - 125 жыл. Мерейтой республика көлемінде аталып өтілмек.
 
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу