Оралда сән фестивалі өтті
Оралда «Aqjaiyq Fashion Festival» II халықаралық сән фестивалі өтті. Отандық дизайнерлерді қолдау мақсатындағы іс-шара қолөнер шеберлерінің көрмесімен ашылды. Мұндағы зергерлік әшекей бұйымдар, қой жүнінен жасалған киім-кешек, түрлі аксесуарлар көздің жауын алады.
Фестиваль «Тақсай ханшайымы» республикалық дизайнерлер байқауына ұласты. 30-ға жуық маман облыстағы Тақсай қорымынан табылған алтын әйел бейнесіндегі сән үлгілерін көрерменге ұсынды. Қазылар құрамында болған археолог Яна Лұқпанова да дизайнер туындыларының ханшайым образына сәйкестігін бағалады. Танымал шеберлердің жеке топтамалары да көрермен назарына ұсынылды.
Маржан Маршалл, дизайнер:
Мен биыл байқауға екінші рет қатысып отырмын. «Тақсай ханшайымы» бейнесіне мақпал, жібек, зығыр маталарын қолдандым. Бас киімін түпнұсқаға жақын етіп жасадым. Оңай болған жоқ. Елімізде жылдан-жылға дизайнерлер көбейіп, кәсібіміз дамып келеді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін ел бойынша 100 мыңнан аса түлек ағаш екті
29.04.2026, 13:15
Жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды
29.04.2026, 13:12
Семейде келіншектің денесінен 6 келіден асатын ісік алынды
29.04.2026, 13:09
Дәрігерлер өңешіне ине тұрып қалған сәбиді аман алып қалды
29.04.2026, 13:06
ОПЕК-ке соққы: БАӘ ұйымнан шығатынын мәлімдеді
29.04.2026, 13:03
Ақордада Чехия премьер-министрін қарсы алды
29.04.2026, 13:00
Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді
29.04.2026, 11:27
Ақтөбеде өзге этнос өкілі шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүр
29.04.2026, 10:49