Басты Жаңалықтар Жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды

Жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды

Жас педагогтердің екінші республикалық форумы басталды. Оған әр өңірден техникалық және кәсіптік білім берумен айналысатын 200-дей жас ұстаз келді. Педагогтер екі күн бойы білім беру саласындағы өзекті кейстерді талқылап, шеберлік сағаттарына қатысады. Өзектілігі сол - форумда оқытуда жасанды интеллектіні пайдалану, цифрлық педагогика, заманауи білім беру трендтері мен цифрлық шешімдер туралы талқыланады. Форумның алғашқы күнінде ұстаздарға жасанды интелектінің парктикалық құралдары таныстырылды. Ал, жас мамандар өздерінің авторлық жобаларын ұсынып, жасанды интеллект қолданылған сабақ үлгілерін көрсетті. Мамандардың айтуынша, мұндай алаңдар тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп қана қоймай, педагогтердің кәсіби дамуына тың серпін береді дейді.

Асан Көбентай, Жоғарғы медициналық колледж оқытушысы:

Соңғы продукт жасаған менде образовательная платформа бар. Ол бойынша мысалы психикалық денсаулық сабағы бойынша толық лекциондық материалдар және іскерлік тапсырмалар, одан кейін ЖИ қосылған интерактивтік бағдарлама және толығымен видеоапараттар бар, осындай платформалар жасау арқылы әр пәнді бекітіп және оны 24 сағат бойы әр студентке жеткізетін қылып дайындап жатырмыз.


Бөлісу