Грекияда қайық апатынан қаза тапқандар саны 79-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда қайық апатынан қаза тапқандар саны 79-ға жетті

15.06.2023

Грекияда қайық апатынан қаза тапқандар саны 79-ға жетті. Тағы жүздеген мигрант жоғалып кеткен. Болжамдарға қарағанда, ұзындығы 20-30-метрлік су көлігіне шамамен 750-дей адам мінген. Ол көп жолаушыны көтере алмай аударылса керек. Жағалау күзетінің хабарлауынша, 104 адам құтқарылды. Хабарсыз кеткендердің нақты саны анықталып жатыр.

Қайық Ливияның Тобрук қаласынан Италияға бет алған. Таяу Шығыс, Азия және Африка елдерінен қашқан босқындар үшін Грекия – Еуропа одағына апаратын негізгі бағыттардың бірі.



Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу