Грекияда пойыз апатынан қаза тапқандар 57-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда пойыз апатынан қаза тапқандар 57-ге жетті

03.03.2023

Грекия қалаларында пойыз апатына қарсы шерулер өткен түні де жалғасты. Салоники және Афины көшелеріне шыққан мыңдаған адам үкіметке қарсы ұрандар айтып, мұндай трагедияға енді жол бермеуді талап етті.

Айта кетсек, ақпанның 28-і 350 адам мінген жүрдек пойыз жүк тасушы теміржол көлігімен соқтығысып, отқа оранған. Соңғы мәліметке қарағанда, қаза тапқандар саны 57-ге жетті. Тағы ондаған жолаушы жараланған.

Осы оқиғадан кейін үкімет мәлімдеме жасап, апаттың себебін жан-жақты тергеп, тозығы жеткен теміржол желісіндегі проблемаларды шешуге уәде берді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу