Измирдегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 79-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Измирдегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 79-ға жетті

02.11.2020
Измирдегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 79-ға жетті

Түркияның Измир қаласында жер сілкінісінен қаза болғандардың саны 79-ға жетті, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.

Зардап шеккен 962 адамның 743-і медициналық көмек көрсетілген соң ауруханалардан шығарылды, 219 адам емделіп жатыр.

Қираған 8 ғимаратта іздеу және құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 30 қазанда Түркияның батысында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала эпицентрі – Эгей теңізінде, Измир провинциясының Сеферихисар қаласында. Жер дүмпуі салдарынан Измирде бірнеше ғимарат құлап, қирады. 

Табиғи апаттан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі отандастармен байланысу үшін өз қызметкерлерінің телефон нөмірлерін жариялады.

Елшіліктің байланыс телефоны: +903124919100;

А.Амандықов +905384409677;

А.Сыдықов +905367772827;

Л.Болатова +905396903114.

Фото: «Анадолу» агенттігі

Измир жер сілкінісі Түркия

Хабарламаларға жазылу