Канададағы алапат орман өртінің түтіні Еуропаға жетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канададағы алапат орман өртінің түтіні Еуропаға жетуі мүмкін

10.06.2023

Канададағы алапат орман өртінің түтіні бірер күнде Оңтүстік Еуропаға жетуі мүмкін. Мұны Норвегияның Климат пен қоршаған ортаны зерттеу институты хабарлады. Оның дерегінше, Солтүстік Америкадан Исландия мен Гренландия арқылы Еуропаға жеткен түтін «Қарт құрлық» тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірмейді. Бұл өрт АҚШ-тағы 110 миллиондай тұрғынға улану қаупін төндіріп, жүздеген ұшақтың рейсі кейінге шегерілді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу