Канадада орман өрті дес бермей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада орман өрті дес бермей жатыр

12.06.2023

Әлемнің бірнеше елінде алапат өрт болып жатыр. Канадада орман өрті дес бермей жатыр. Жыл басынан бері тілсіз жаудан 46 мың шаршы шақырым аумақ күлге айналған. Қызыл жалынды бақылауға алуға ыстық, құрғақ ауа-райы мен күшті жел кедергі келтіріп жатыр. 2 мыңнан аса өрт ошағы тіркелген. 3 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Билік орман өрті жаз бойы жалғасуы мүмкін екенін ескертті. Канадаға жалынмен күресуге Франция, Португалия, Испания, Австралия өз құтқарушыларын жіберген. АҚШ-та жүздеген өрт сөндіруші жіберіп, алдағы күндері қосымша көмек беретінін мәлімдеді.

Ауа сапасы нашарлады

Канададағы өрттен шыққан түтін АҚШ-тың бірнеше қаласына жетті. Филадельфияда ауа сапасы қатты нашарлап кеткен. Жергілікті әкімшілік мұндай ахуал бірнеше күнге жалғасуы екенін ескертті.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу