Канадада болған өрт түтіні Нью-Йоркке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада болған өрт түтіні Нью-Йоркке жетті

08.06.2023

Канададағы алапат орман өртінен шыққан түтін АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон қалаларына жетті. Жергілікті билік жағдай нашарлауы мүмкін екенін айтып, миллиондаған тұрғынға мейілінше үйде отыру қажеттігін ескертеді. Өйткені ауадағы зиянды бөлшектер тыныс алуды қиындатып, денсаулыққа қауіп төндіруі ықтимал. Осыған байланысты мектептерде іс-шаралар тоқтатылды.

Ақ үй Канадаға көмекке 600 өрт сөндіруші жіберді. Соңғы мәліметтерге сай, мұнда 400-ден астам өрт ошағы тіркелген. Олардың тең жартысын бақылауға алу мүмкін болмай жатыр. 20 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. 3 миллион 800 мың гектар аумақ күлге айналған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу