Астанада «Қараш-қараш» драмасының премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қараш-қараш» драмасының премьерасы өтті

05.11.2015
Астанада «Қараш-қараш» драмасының премьерасы өтті
Қойылымда халқының қамын ойлап күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген махаббаты көрсетіледі.

Елордада тұңғыш рет әр адамды елін-жерін сүюге тәрбиелейтін әлеуметтік драма қойылды. Жалпы, қойылымда халқының қамын ойлап күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген махаббаты көрсетіледі.

Басты кейіпкерлер Жарасбай ойдың, ал Бақтығұл істің адамы. Осы екі тұлға бірін-бірі толықтырып тұрады. Әлеуметтік драмада актерлердің шеберлігі, оқиғаны шынайы жеткізе білгені соншалық, көрермен көзіне жас алып қалды.

Пьеса қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесінің желісі бойынша қойылған.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу